Артқа
Артқа

2021 жылы халыққа медициналық көмек көрсетуге 1,8 трлн теңге бағытталады - ӘМСҚ басшысы

2021 жылға арналған сатып алу жоспары бойынша халыққа медициналық көмек көрсетуге 1,8 трлн теңге, оның ішінде ТМККК – 1,1 трлн теңге, МӘМС – 700 млрд теңге қарастырылған, деп хабарлады ОКҚ брифингінде Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Басқарма төрағасы Болат Төкежанов.

«1 сәуірдегі жағдай бойынша 1,46 трлн теңге сомасына 1 363 медициналық қызмет жеткізушімен шарт жасалды. Халыққа медициналық қызмет көрсету үшін тартылатын жеке меншік жеткізушілердің өсу үрдісі сақталуда. Егер өткен жылы Қормен 635 жеке жеткізуші жұмыс істесе, биыл олардың саны 688 дейін өсті», - деп атап өтті Болат Төкежанов.

Өңірлік бөліністе жеке меншік жеткізушілердің ең жоғары үлесі Шымкент, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында: тиісінше 72%, 66% және 55%. Қостанай (30%), Ақмола (30%) облыстарында және БҚО (22%) төмен көрсеткіштер.

2021 жылы Қор амбулаториялық-емханалық және стационарды алмастыратын көмекті, ауылдық денсаулық сақтауды, қашықтықтан көрсетілетін медициналық көмекті, профилактикалық тексерулерді, мейірбикелік көмекті және патронаждық қызметті қаржыландыруды ұлғайтады.

Осылайша, қаржыландыру мынадай бағыттар бойынша ұлғайтылды: МСАК 17%; стационарды алмастыратын көмек 42%; ауыл халқына медициналық көмек 30%; паллиативтік көмек 96%; АИТВ жұқтырғандарға және ЖИТС ауыратындарға медициналық-әлеуметтік көмек 36%; онкогематология 26%.

«Қордың қомақты қаражатын балалар денсаулығын сақтауды қаржыландыруға жұмсайды. Атап айтқанда, ерекше қажеттіліктері бар балаларды медициналық оңалту - ЭКО және «Қамқорлық» квоталарын ұлғайту бойынша «Аңсаған сәби» бағдарламаларын іске асыру. Сонымен қатар, антенаталды бақылауды жүргізуге 29,7 млрд тенге қосымша бөлінген, 0-5 жас аралығындағы балаларды профилактикалық тексеруді жүргізуге – 12 млрд теңге, сондай - ақ мектеп медицинасын дамытуға - 22,5 млрд теңге бөлінді», - деп атап өтті Болат Төкежанов.

Ауылдық жерлерде медициналық қызметтердің қолжетімділігін арттыру үшін өткен жылы 100 жылжымалы медициналық кешен сатып алынды, биылғы жылы барлық ауыл тұрғындарына 149 ЖМК қызмет көрсетеді, олардың ішінде бейінді мамандардың консультацияларын алуға, скринингтерді қоса алғанда, диагностикадан өтуге, зертханалық талдаулар тапсыруға, вакцинация жасауға, ауруханаға жатқызуға жолдама алуға және медициналық көмектің бірқатар басқа да түрлерін алуға болады. Бірінші тоқсанда «жылжымалы емханалар» деп аталатын мобильді медициналық кешендер арқылы ауыл тұрғындарына 231,9 млн.теңгеге 120 мың медициналық қызмет көрсетілді.

Болат Төкежановтың айтуынша, мақсатты топтағы пациенттерді дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінеді. 2021 жылы амбулаториялық дәрі – дәрмекпен қамтамасыз етуге 152,4 млрд теңге бөлінді, оның ішінде ТМККК шеңберінде – 122,3 млрд теңге, МӘМС-30,1 млрд теңге. Қор қажетті дәрі-дәрмектерді сатып алудағы кідірістерге жол бермеу үшін алдын ала аванстық төлемдер түрінде дәрі-дәрмектерді сатып алуға қаражат бағыттайтыны туралы айта кеткен жөн.

12.05.2021
66% считают статью полезной Была ли эта статья для вас полезной ?
Сонымен қатар оқыңыз
ТОП ВОПРОСОВ В ФСМС ЗА 2024 ГОД
2024 ЖЫЛЫ ҚОРҒА ЖИІ ҚОЙЫЛҒАН СҰРАҚТАР
Мәртебесі барлар қатарынан шығып қалу, тегін дәрі-дәрмек беру және медициналық көмек алу кезіндегі пациенттердің құқығы… Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында былтыр қазақстандықтардың қандай сұрақтарды жиі қойғанын айтып берді.
12.03.2025
КТО ЗАЩИЩАЕТ ПРАВА ПАЦИЕНТОВ В ПОЛИКЛИНИКЕ?
ЕМХАНАДА ПАЦИЕНТТЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫН КІМ ҚОРҒАЙДЫ?
Кейде пациенттер дәрігер кабинетінен немесе қабылдаудан соң мәселенің байыбына жету үшін бірден Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына хабарласады. Олардың басым бөлігі емхана немесе ауруханада жұмыс істейтін Пациенттерді қолдау және ішкі сараптама қызметіне (ПҚІСҚ) сұрақтарын қойып, көмек ала алатындарын білмейді.
06.03.2025
ФСМС РК И ГОСАГЕНТСТВО ПО ОМС АЗЕРБАЙДЖАНА ПОДПИСАЛИ МЕМОРАНДУМ О СОТРУДНИЧЕСТВЕ
ҚР ӘМСҚ МЕН ӘЗЕРБАЙЖАННЫҢ ММС ЖӨНІНДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІК АГЕНТТІГІ ӘРІПТЕСТІК ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ
3 наурызда Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектеновтің Әзербайжанға ресми сапары барысында Қазақстан Республикасының Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры мен Әзербайжан Республикасының Міндетті медициналық сақтандыру жөніндегі мемлекеттік агенттігі арасында әріптестік туралы меморандумға қол қойылды.
04.03.2025
Барлығын көру
Подать обращение МӘМС калькуляторы Іздеу